7.02.2020, 10:10
Қараулар: 272
Жыл қорытындысы талқыланған жиын

Жыл қорытындысы талқыланған жиын

6 ақпан күні Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетовтың халық алдындағы алғашқы есептік кездесуі өтті. Бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстық мәслихат хатшысы  М. Құлшар, облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, облыстық және аудандық мекеме-бөлім басшылары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Есептік кездесу 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы бейнефильмнің көрсетілуімен басталып, одан әрі аудан әкімінің баяндамасымен жалғасты.  Аудан әкімі өз баяндамасында өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Есепті жиын соңында жыл бойына халықпен кездесу жиындарында көтерілген мәселелерді саралап, облыс әкіміне жеткізу мақсатында сөз алған аудандық маслихат хатшысы, депутат Г.Волкогон  халық атынан Шыңғырлау-Сегізсай бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу,  Ақбұлақ ауылына мәдениет үйін салу, Шыңғырлау ауылының темір жол аумағындағы мәдениет үйіне, Ақшат ауылындағы А.Тихоненко атындағы орта жалы білім беретін мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, т.б. мәселелерді көтерсе, жиынға қатысушы өзге тұрғындар да сөз кезегін алып субсидия алуды бір жүйеге келтіру, жедел жәрдем жұмысындағы ыждағаттылық, аудан орталығында радио және телехабар таратуды жандандыру секілді мәселелерді Мұхтар Наурызбайұлының  назарына салды. Тұрғындардың өтініш-наздарына облыстық сала басшылары түсініктер беріп, жауаптар қайтарды.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары М. Манкеев  жұртшылықтың аманатын жеткізген аудан белсенділері мен тұрғындарға ризашылық сезімін білдіре келе, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылатынын хабарлады. Жалпы, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды мұқият тыңдаған ол халық игілігі үшін жасалып жатқан шаралар көңіл тоғайтатынын тілге тиек етіп, ағымдағы жылы да басталған шаруалардың тиянақты аяқталарына сенім білдірді. Есептік жиыннан соң М. Манкеев аудан тұрғындарына жеке сұрақтары бойына қабылдау жүргізді.

Аман Ізмұхан

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар