30.01.2020, 16:17
Қараулар: 162
Жаңа бағыттар межеленді 

Жаңа бағыттар межеленді 

Өткен жыл «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы үшін табысты жыл болды. Бірнеше партиялық жобалар аясында өнікті жұмыстар атқарылып, партия филиалының өкілдері ауыл-аймақтарды аралап, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына қолұшын беру мақсатында жұмыстанып, түрлі акциялық шаралар атқарылды. Жаңа жыл басталған соң да партия филиалы алдағы жылға жоспарларын бекіту мақсатында жиындар легін өткізді. Соның бірі аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы.  Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев, төрағаның бірінші орынбасары С.Байтенова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес комиссиясының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік бағдарламаларды орындауы туралы және 2020 жылға арналған жұмыс жоспары, аудандық білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері ортаға салынды.

Қоғамдық кеңестер алдағы уақытта партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін өз жұмысын осы саладағы «Жол картасына» сәйкес ұйымдастырып, жемқорлықтың салдарымен күресуге емес, оларды туғызатын себептер мен шарттарды анықтауға баса назар аударатын болады. Себебі, жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу арқылы мемлекетке аса қауіпті қоғамдық дертті туғызатын салдарларды жоюға күш салудың мәні зор.  Ендеше, ел сеніміне орай еңбек ете беру партияға да, оның мүшелеріне де мәртебелі міндет болып қала бермек.  Сол себепті де сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қоғамда тәрбиелеу біздің міндетіміз деп санаймыз деді жиында партия төрағасының бірінші орынбасары С. Бәйтенова.

Кезекті өткен аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында  аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік бағдарламаларды орындауы және аудандық білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері жөнінде ақпараттар назарға ұсынылды.  Жиынды жүргізіп отырған Светлана Ешматқызы Елбасының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын  жүзеге бүгінгі таңда асыру  басым міндет болып табылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, бағдарламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыру, биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыру мәселесі бойынша талапшылдық күшейіп, нақты да өнікті жұмыстар талап етелетіндігі баса айтылды. Өз кезегінде комиссия мүшелері ортаға салынған мәселелер төңірегінде  пікірлерімен бөлісіп, жиын қаралған мәселелер бойынша қаулының жобасының қабылдануымен қорытындыланды.

Гүлім Шынтас

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар