16.01.2020, 12:08
Қараулар: 356
Есептік жиын өтті

Есептік жиын өтті

Алмаз, Ақшат және Қарағаш ауылдық округі орталықтарында округ әкімдерінің есептік кездесулері өтті. Аталған ауылдық округ әкімдері өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, тұрғындар алдында есеп берді.
Кездесулерге ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары, еңбек ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алмаз ауылдық округінде өткізілген жиында округ әкімі Сағындық Қалниязов өткен жылғы атқарылған жұмыстарға шолу жасай келе, 2020 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баяндады. Баяндама барысында слайд көрсетіліп, көрсеткіштер халық назарына ұсынылып отырды. Кезегімен сөз алған ауылдық учаскелік инспектор Мирлан Қазекенов округ қауіпсіздігі туралы, ал аудандық сот төрағасы Миржан Қадырбаев сот саласындағы өзгерістер, пилоттық жоба, медиация жөнінде тұрғындарды хабардар етті. Округ әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов де жыл бойына тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты міндеттермен бөлісті.

Алмаз ауылдық округінен бастау алған есептік кездесу 1400- ге жуық тұрғыны бар Ақшат, Қарағаш ауылдарында жалғасты. Ақшат ауылдық округінің әкімі Мәди Сатыбалдиев, Қарағаш ауылдық округінің әкімі Еділ Бекжанова әр салаға кеңінен тоқталды.

Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкімінің орынбасарларына, тиісті мекеме басшыларына сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.
Есептік кездесулер аптаның соңғы күндері Ардақ, Ақбұлақ, Ақтау, Ащысай және Шыңғырлау ауылдық округтерінде жалғасты.

Аман Ізмұхан

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар