21.04.2020, 21:05
Қараулар: 175
Бекетке барып қайтты

Бекетке барып қайтты

Бүгінгі таңдағы басты мәселе-жаман індеттен ауданымызды аман сақтау, сол үшін қырағылықты күшейту. Осы мақсатпен ауданымызда екі блок-бекет жұмыс істеуде. Мұндағы өз денсаулықтарын қатерге тігіп, ауылдастардың амандығы үшін күні-түні көз ілмей жүрген полиция және медицина саласының қызметкерлерінің еңбектері ерекше атап айтуға тұрарлық. Жуырда аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» мамандары мен аудан волонтерлері, Шыңғырлау — Орал тас жол бекетіндегі қызмет атқарып жатқан полиция қызметкерлері мен дәрігерлерді екі күн қатарынан ыстық тағам және азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Осындай игі істі»Алтын таға» мейрамханасының ұжымы да жалғастырып, Шыңғырлау-Орал, Орал-Шыңғырлау бағытындағы блок-бекеттеріндегі полиция қызметкерлері мен дәрігерлерге ыстық тағамдар және азық-түлік жеткізіп, жағдайларын біліп қайтты.

 Назым АЙҚЫН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар