15.05.2020, 11:41
Қараулар: 169
Ауыл азаматтары бұлақ көзін ашты

Ауыл азаматтары бұлақ көзін ашты

Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылының жастары тамаша бір игі істі қолға алды. Ауыл маңындағы Қуағаш өзенінің жыл сайын тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген жергілікті азамат Рулан Жадилов пен жас мұғалім Рустам Тасболатов жастардың басын қосып, өзен бастауындағы бұлақтардың көзін ашты. Ауыл шетіндегі бұлақтардан бастау алатын өзеннің жалпы ұзындығы 35 шақырым. Алмаз маңын жағалай ағып, ежелгі қала болған Аққұм қорықшасынан өтетін Қуағаш Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты өзеніне құяды.

Бастамашы жігіттердің айтуынша, бір кездері гүрілдеп ағып, балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулаған өзен арнасы жыл сайын тарылып, су тапшылығы сезілген. Бұлақтардың көзін ашқандағы басты мақсаттары да өзен арнасын суға толтыру болыпты. Игі істен сырт қалмаған ауыл жастарының ұйымшылдығы қуантады.

Еріктілер жылына орайластырылған шара әлі де жалғасын таппақ.

 

Түгелбай БИСЕН,

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар