22.05.2020, 12:01
Қараулар: 22
Ауылдық округтерді аралады

Ауылдық округтерді аралады

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жұмыс сапарымен бірқатар ауылдық округтерді аралады. Жұмыс сапарын алдымен Қарағаш ауылдық округінен бастаған Әлия Биғазықызы ауылға  кіреберіс көпірдің жағдайымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралады. Өткен жылы Қарағаш ауылының тұрғындарының бастамасымен қайта жөндеуден өткен кафесінде болып, кәсіпкердің  жұмысына және болашақ жоспарына қанықты. Одан кейін Ақсуат ауылындағы «Сарқырама» шаруа қожалығының өкілі Мұхамбетжан Жамалбекұлымен кездесіп, шаруашылықтың жұмысымен танысты. Одан әрі аудан әкімінің сапары Ақтау және Ардақ ауылдық округінде жалғасын тапты. Ақтау ауылында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауылдық орталық саябақта болып, мердігер ұйымның басшысымен кездессе, Ардақ ауылында бөгеттің жұмысымен танысты.

Келесі күні аудан басшысы Сегізсай, Алмаз, Ақшат және Ақбұлақ ауылдарында болып, әлеуметтік нысандарды аралады. Ақбұлақ ауылында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйі құрылысының мердігері «Риал Техно» ЖШС өкілімен кездесіп, әр жұмыстың сапасына үлкен мән беруді тапсырды.  Ақшат ауылында мектеп, аурухананы аралап, ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен жүздесті.

Аман ІЗМҰХАН

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар