22.05.2020, 12:00
Қараулар: 24
Аудан әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерінің  мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерінің  мерекесімен құттықтады

«Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне» орай аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәдениет қызметкерлері  бас қосты. Шара барысында төл мейрамдарымен аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтап, өңірдің  мәдениет саласының  даму қарқыны мен өнер адамдарының еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, өңір басшысы мәдениет саласында елеулі еңбек еткен жандарға арнайы марапаттар табыстады. Атап айтқанда, аудандық кітапхананың бөлім жетекшісі Р.Джалетова мен аудандық балалар кітапханасының жетекшісі Қ.Ғалиеваға «Қазақстандық кітапханалық Одағының» Төсбелгісі табыс етілсе, облыстық мәдениет басқармасы басшысының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен бірқатар мәдениет саласының мамандары марапатталды.

Қазіргі таңда ауданымызда 14 мәдениет үйі мен клуб, 19 кітапхана, 3 саябақ пен 1 мұражай халық игілігіне қызмет етеді. Онда қызмет етіп жүрген әр адам өңіріміздегі мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосып келеді.

 

Аман ІЗМҰХАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар