10.12.2019, 17:38
Қараулар: 319
«Тәуелсіз ел тірегі» атты  ертеңгілік өтті

«Тәуелсіз ел тірегі» атты  ертеңгілік өтті

Еліміздің басты мерекесі-Тәуелсіздік күні қарсаңында «Болашақ» балабақшасының «Күншуақ» тобында «Тәуелсіз ел тірегі» атты ертеңгілік өтті. Топтағы бүлдіршіндер еліміздің Әнұранымен шараны ашып, «Отаным» әнін шырқап, тақпақтар оқып, «Тәуелсіздік» биін биледі.  Бүлдіршіндердің тәрбиешілері Әния Юмабаева мен Назгүл Сарсенғалиева олардың киім үлгілерін алдын ала пысықтап, ұлттық нақышқа зер салып, эстетикалық тұрғыдан үйлесім табуына да ерекше мән берген.

Еліміздің ертеңгі болашағын осындай тұлттық рухта, халықтық нақышта балабақшадан тәрбиелеудің орны бөлек екендігі осы ертеңгілік тағы бір дәлелдегендей болды.

Назым Айқын