21.08.2020, 15:49
Қараулар: 45
Секциялық отырыстар өтті

Секциялық отырыстар өтті

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Жылдағыдай кең ауқымды шаралармен басталатын тамыз кеңесі карантин жағдайында жинақы да қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуда.  «Қашықтан оқыту жағдайында білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдар мен география, тарих пәні әдіскерлері Н.Нурова мен А.Кужиеваның ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылының тамыз кеңесінің секциялық отырысы оздырылды.

⠀Секциялық отырыс мазмұны «Каронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды» талдап-талқылаумен басталды.

⠀Мектепке дейінгі ұйымдар «АКТ мүмкіндіктері», «Қашықтан оқыту жағдайында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету» оқыту семинарлары мен «Ғажайып су әлемі», «Скандинавиялық жүріспен орманға саяхат», «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту» тақырыптарындағы шеберлік сыныптарына арнаса, география, тарих педагогтері «Online Mektep. Орта білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту жүйесі», «Методы формативного оценивания как средство достижения эффективности урока истории» сынды тақырыптар аясында ой бөлісіп, бірлескен жұмыс жүйесін көрсетті.

⠀Секциялық отырыс соңында педагогтер өздерінің ұсыныстарын білдіріп, түйткілді сауалдарына жауап алды.

        Самат БАЙБОЛАТ