26.11.2019, 17:55
Қараулар: 376
Робототехника сайысы  өтті

Робототехника сайысы  өтті

Н. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның  игілігіне  жарату мақсатында оқушылардың техникалық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін арттырып, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу  мақсатында  Шыңғырлау ауданының балалармен мектептен тыс жұмыс орталығында робототехникадан сайыс өткізілді. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрды: Arqan tartý, Asyq atý, Aq súıek, Qyz qýý. Сайысымызға А.Тихоненко атындағы, Ащысай, Л.Қылышев орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.

Нәтижесінде Arqan tartý аталымы бойынша жүлделі І орынды А.Тихоненка атындағы ОЖББМ командасы  иеленді, ІІ орынға Ащысай ОЖББМ командасы , ІІІ орынға Л.Қылышев ОЖББМ командасы ие болды. Жүлделі І орын алған А.Тихоненко атындағы ОЖББМ командасына дипломдар және Arqan tartý бильборды сыйланды.   Asyq atý, Aq súıek, Qyz qýý аталымдары бойынша  Л.Қылышев ат. ОЖББМ командасы белсенділік танытып  І орынға ие болды.

 

 

Г. Каримова,

балалармен мектептен тыс жұмыс

орталығының  әдіскері