19.11.2019, 9:53
Қараулар: 286
Мектеп мерейі асқақтаған күн

Мектеп мерейі асқақтаған күн

Аудандық саз мектебінің оқушылары жуырда Орал қаласынан жүлдемен оралды. «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Аспапта ойнау» аталымы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен Аюпова Алина І орынға ие болды.  Алина енді келер жылы Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауға баратын болды.

Аталмыш байқауда Абай  Айым ІІ орын, Хайырмұханова Аружан ІІІ орын, Тұрмағамбетова Нұрия дипломант атанса (жетекшісі: Умралиева Г.),  Миранков Назар ІІ орынды иеленді (жетекшісі: Қалиев А.).  Әр оқушы тегін жолдамаға қол жеткізумен қатар Қырғызстан, Ташкент қаласында өтетін байқау-фестиваліне байқау жарнасын төлемей бақ сынауға шақырту алды.

Мектебіміздің ұстазы  Гүлстан Умралиева жоғары деңгейде шәкірт дайындап, жас дарындардың шеберлігін шыңдауға үлес қосқаны үшін « Бақытты елдің ұрпағы» қорының бас директоры Қ. Төлеуғалиеваның қолынан «Алғыс хат» алып,  «Үздік тәлімгер» төсбелгісімен марапатталып қайтты.

Шәкірттер мен ұстаздар жетістігі ұжым қызметкерлерін қанаттандырып, биік белестерді бағындыра беруге серпін бергенінде сөз жоқ.

Г. Жұмағазиева,

аудандық балалар саз мектебінің директоры