21.09.2020, 11:20
Қараулар: 59
«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Ауданымызда «Мектепке жол» акциясы аясында жергілікті демеушілердің көмегімен 28 отбасының мектеп жасындағы оқушыларын интернет-роутерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 23 отбасыға: аудандағы мекемелер мен кәсіпкерлер тарапынан 11 отбасыға, ауылдық округ әкімдігінің демеушілігімен 5 отбасыға және білім беру бөлімі тарапынан 7 отбасыға тегін интернет-роутерлер таратылып, ізгілікті істер атқарылды. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» демекші, осы бастамаға үлес қосам дейтін жомарт жандар болса, мархабат!

Самат БАЙБОЛАТ