11.12.2019, 17:03
Қараулар: 286
Мектебіміз үздіктер қатарында

Мектебіміз үздіктер қатарында

Жуырда Ақсай қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» атты байқауында аудандық саз мектебінің оқушылары үлкен жетістіктермен оралды. «Қобыз аспабында ойнау» аталымы бойынша  М.Жасталапова ІІІ орын , С. Амангелді дипломант атанды (жетекшісі: Бертлеуова Э.). Ал, Р. Төлепова арнайы жүлдемен марапатталса (жетекшісі Ақбалеева Д.), вокал жанры бойынша Р. Самиғолла  дипломант (жетекшісі: Елеусін А.) , көркемсөз жанры бойынша А.Хайрушев  «Бас жүлдеге» ие болды (жетекшісі: Елеусін А.).  Бұдан өзге  байқаудың жоғары деңгейде өтуіне және жас ұрпақты өнерге баулуға қосқан үлесі  үшін аудандық саз мектебінің ұжымы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Мектебіміздің ұстаздары  Эльнара Бертілеуова, Асқар Елеусін,  Дарина Ақбалеева  жоғары деңгейде шәкірт дайындап, жас дарындардың шеберлігін шыңдауға үлес қосқаны үшін «Бақытты елдің ұрпағы» қорының бас директоры Құрмет Төлеуғалиеваның қолынан «Алғыс хат» алып қайтты.

Тынышбай Әмірғалиев,

тәрбие ісінің меңгерушісі