27.11.2019, 19:01
Қараулар: 230
Бүгінгі оқушы-ертеңгі сарбаз

Бүгінгі оқушы-ертеңгі сарбаз

Отанымызды қорғайтын ертеңгі сарбазды мектеп қабырғасынан бастап дайындау қажеттігін Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев ерекше атап айтқанды. Патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық болмысымызды бойына сіңіру әскери тәртіпке даярлайтын мектеп ұстаздарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы мақсатты басшылыққа алып Л. Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «а» сынып оқушыларымен «Жас сарбазға» қабылдау рәсімі өтті.

Алдымен сыныпқа Мемлекеттік ту салтанатты кіргізіліп, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Р. Тұрмағамбетов, мектеп директоры Г. Бисенғалиева сап түзеген жеткіншектерді құттықтап, ел ертеңі болар оларға ата-анасының, білім ошағының атын алысқа апарар ұрпақ болуларына тілектестік білдірді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің  бастығы Д. Кенжебаев та құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жас сарбаз куәлігін табыс етті.

«Жас сарбаз» шарасына ауған соғысының ардагері Б. Баймұқашев пен ата-аналар қатысып отырды. Салтанатты жиын соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Гүлім Шынтас