21.08.2020, 15:47
Қараулар: 136
Бірлескен жұмыс берекелі болмақ

Бірлескен жұмыс берекелі болмақ

Жаңа оқу жылы қарсаңында аудандағы төрт жетекші мектеп пен оларға бекітілген магнитті мектептер арасында кәсіби-ынтымақтастықты жетілдіріп, жаңаша деңгейге көтеру мақсатында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мансия Сакиеваның ұйымдастыруымен коуч-сессия өткізілді.

Өткен жылы ауданымызда үш жетекші мектеп Л.Қылышев, Шыңғырлау, А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасаса, бүгінде олардың қатарына Ащысай орта мектебі қосылған болатын.

Төрт күнге созылған сессия барысында жетекші мектеп пен магнитті мектеп басшылары «Колесо» әдісіне сүйеніп, негізгі проблемаларды өздері таңдап, оны бірлесіп шешуге тырысты. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейінгі деңгейден қайткенде жаңа деңгейге көтерілуге болатындығын талқылап, өзара пікірталас ұйымдастырды.

Жаңа оқу жылына жаңаша қадам жасап, бірлескен жұмысқа бет бұрып отырған мектептерге толағай табыс тілейміз!

Самат БАЙБОЛАТ